Ел Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы қаулысына сәйкес салық қызметі, кеден қызметі және экономикалық тергеу қызметі органдарын біріктіру жолымен - Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды. Мемлекет қазынасын – салықпен толтырып отырған мәртебелі мамандық иелеріне өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы мен Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Азат Исенов арнайы құттықтап, сала үздіктеріне құрмет көрсетті...
Президент бастамасымен қолға алынған реформалардың бір бағыты – осы салық саласында. Бұл ретте – аталған сала мамандары атқарып отырған жұмыс ауқымы орасан.
Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен мерекелік концертпен мәреге жетті.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау»