Биылғы Тамыз кеңесінің секциялық отырыстары 8 бағытта жүрді. Негізгі басымдық - жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне интеграциялау және цифрландыру жүйелерін дамыту. Кеңеске арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов – жасанды интеллект жобасы арқылы аймақ оқушылары жасаған көрмені тамашалап, пленарлық отырысқа келген ұстаздар қауымына жаңа оқу жылына сәттілік тіледі...
Жас облыстың білім саласының өткен жылда жеткен жетістіктері аз емес. Түрлі республикалық және халықаралық олимпиадаларда олжа салған оқушылардың жеңісті жолы биыл да жалғасын табады деп күтілуде.
Кеңес соңында өткен жылда үздік нәтиже көрсеткен білім саласының мамандарына құрмет көрсетілді. 600 ге жуық педагогтің басын қосқан кеңес – алдағы оқу жылына бірнеше міндеттемелер жүктеді.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы