Тамыздың үшінші жексенбісі Қазақстанда Спорт күні аталып өтеді. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Бүгінде қала спортшылары түрлі байрақты бәсекелерден олжалы оралып, биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын әлемнің басты додаларында асқақтатып жүр. Жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында Жезқазған қаласының әкімдігі тарапынан спортшыларға сый-құрмет көрсетіледі. Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев өңірде спорт саласын дамытып жүрген үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды, спорт ардагерлерін Құрмет грамотасы және Жезқазған қаласы әкімінің алғысхатымен марапаттады.
Биылғы жылы жерлестеріміз халықаралық жарыстарда көптеген жүлделі орындарға ие болды. : Бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктері үшін бірқатар спортшылар «Үздік спортшы», «Бұқаралық спорттың үздік спортшысы» , «Үздік спорт мектебі» «Жылдың үздік спорт ардагері» сынды 8 номинация бойынша марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды.
Өңір спортшылары қашан да марапатқа лайық. Ел байрағын көкке көтеріп жүрген азаматтар, спорт жаңашырлары осындай айтулы шарада өздеріне арналған марапаттың шарапатын сезінді.
Перизат Дәлкенқызы, Сергей Майкович, Ұлытау телеарнасы