Кезекті аппараттық жиналыс облыстағы кадрлық өзгерістерді таныстырумен басталды. Зина Ақылбекова – Ұлытау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Жаңа орынбасар - коғамдық даму, мәдениет, спорт, білім, дін және жастар ісі мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Аймақ басшысы Берік ӘБдіғалиұлы – Зина Жұманазарқызының аталған саладағы тәжірибесінің мол екендігіне тоқталып, жемісті еңбек тіледі.
Жиында көтерілген жалғыз және негізгі сұрақ: өңірдің жылыту маусымына дайындығы. Алдағы жылу маусымына барлық көздерден жалпы
30,2 млрд теңге қаражат қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,3 % артық.
Сонымен қатар әлеуметтік нысандарды қажетті көмір қорымен қамтамасыз ету жұмыстары да жүргізілуде. Жезқазған жылу электр орталығындағы қазандықтардағы жөндеу шаралары салаға жауапты басқарманың басты бақылауында. Берік Әбдіғалиұлы – көп қабатты тұрғын үйлердің жер төлелерінің жағдайы мен олардың қыс мезгіліне дайындығын қатаң қадағалауды міндеттеді.
Жиында – өңірге қарасты қала-аудан әкімдері де күн тәртібіндегі мәселеге байланысты ақпарат берді. Нәтежиесінде - Жылыту маусымына дайындық шаралары белгіленген жоспарға сай жүргізіліп жатқандығы айтылды.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы