Солтүстік Қазақстан облысы – ауылшаруашылығы және агроөнеркәсіп саласы бойынша республикадағы көшбасшы облыс. Теріскейдегі халықтың негізгі күнкөрісі де осы бағытта. Біздің өңірден барған делегация – Солтүстікте өндірілетін ет, сүт, май өнімдерінің зауытында болып, үлкен кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Солтүстік Қазақстанның тәжірибесін алу үшін қос өңір әкімдігі мен «Ұлытау» және «Солтүстік» ӘКК бірлескен түрде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Маңызды құжатқа сәйкес, аталған аймақтың тың тәжірибесі біздің облыста да жүзеге аспақ. Ұлытаудан барған делегация қатарында өңір дамуына үлес қосуға ниетті кәсіпкерлер де болды.
Солтүстік өңірде қарыштап тұрған салаларды ұлытаулық кәсіпкерлер кеңінен зерделеді. Тәжірибе алмасу сапары бойынша өңірде жаңа жобалар қолға алынбақ.
Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау