Оңалту рәсімі борышкерге сот тәртібімен қолданылады. Сонымен қатар, егер борышкер орындау мерзімі басталған күннен бастап 4 ай ішінде өзге кредиторлар алдындағы міндеттемені орындамаса, оңалту рәсімі қолданылады. Сондай-ақ, Банкроттық немесе оңалту туралы іс кредитордың азаматтық-құқықтық және өзге де міндеттемелер бойынша өтініші негізінде қозғалуы мүмкін
Елена ЕГАНОВА Ұлытау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін қолдану туралы істерді, жоғарыда көрсетілген рәсімдерді жүргізу шеңберінде туындайтын даулар бойынша істерді борышкердің орналасқан жері бойынша мамандандырылған экономикалық соттар қарайды.
Борышкердің өтініші сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат ретінде беріледі. Айта кетейік, егер борышкер Заңның 41 және 42-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінген жағдайда сот өтінішті қараусыз қайтаруға құқылы.
Елена ЕГАНОВА Ұлытау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы
Егер, оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген сәттен бастап борышкер кредиторлармен және оңалтуды басқарушымен бірлесіп 3 ай ішінде оңалту жоспарын әзірлеуге тиіс.
Жалпы оңалту жоспары дегеніміз -бұл оңалту рәсімін қолдану кезінде борышкерді сауықтыруға бағытталған және борышкер мен кредиторлар арасындағы өзара келісім негізінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Сондай-ақ, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кестесін, қол жеткізілген нәтижелерін, пайдаланылатын ресурстарды және ықтимал тәуекелдерді қоса алғанда, іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, жұмыс орындарын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын өзара байланысты іс-шаралар кешені.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |