«Германиядағы Кеңес әскері мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы» ҚБ біздің облыстағы филиалы 2022 жылы құрылған. Өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында топтасқан ұжыммен өткен шараға қала әкімінің орынбасары Бақытдан Жайлаубаев арнайы қатысып, аталған бірлестіктің бірқатар өкілдеріне Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыс етті.
Аталған бірлестік құрылғанына аз ғана уақыт болса да, бірталай шаралардың басы қасынан табылуда. Айта кетейік, «Германиядағы Кеңес әскері мен Варшава келісім шарты әскерінің тобының» Ұлытау облысындағы филиалында 90 нан астам мүше бар.
Патриоттық шара жергілікті филормония әншілері орындаған рухты әндермен мәреге жетті.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау»