Қазақ қызына тән игі қасиеттер дәріптелетін дәстүрлі түрде өтіп тұратын байқауға ауданға қарасты ауыл, кенттерден 8 бойжеткен қатысты. Арулар сайысы 4 кезеңнен тұрды. 1-ші кезеңде қыздар өздерін таныстрыса, 2ші кезеңде өнерлерін ортаға салды.
Гаухар Әблідина байқау ұйымдастырушысы
Сайыстың мақсаты: жастарға тәлім тәрбие, инабаттылық, салт-дәстүрді барлығын қамтыған, келешкте үлгі болсын деген ниетпен өткізіп отырмыз.
3-кезеңде ару қыздар білім мен салт-дәстүр бойынша сыналды. Ұлт ұясы Ұылтау жайлы сұрақтар қойылып, салт-дәстүрге байланысты мақалдарды жалғастырды.
Мира ҚАРЫҚБОЛ «Ұлытау аруы-2024» байқауының қатысушысы
Қарсақбай кентінің мәртебесін көтеру үшін осындай сайысқа қатысуға келіп тұрмын. Алғашында Қарсақбайда өткен байқауда бақ сынадым. Енді бүгін ааудандық сайысқа қатысып жатырмын. Барлығына сәттілік.
Балауса БАҚЫТЖАН «Ұлытау аруы-2024» байқауының қатысушысы
Іріктеу кезеңінен бас жүлде алып, осылай аудандық кезеңге өтті. Менің таныстыруым ерекше. Себебі мен Жоңғарлармен күресу арқылы өзімді таныстырамын.
4-кезеңде бойжеткендер сән үлгісін көрсетті. Қазақ қызы қажет жерде батыр да, қамқоршы да бола алатындарын дәлелдеп берді. Сонымын,әділқазылардың әділ шешімі де шықты. Ұлытаулық Бақытжан Балауса «Ұлытау аруы-2024» атанды. Жүлдегерлер мен байқауға қатысқан әр бойжеткенге сый-сяпаттар табысталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АСХАТ ЖАҚСЫЛЫҚ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Октябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |