Алдымен ұстаздар қауымы №1 тірек мектебінің ауласында арнайы дайындалған көрмені тамашалады, оқушылардың шығармашлықтарымен танысты. Облыстық семинардың Ұлт ұясы Ұлытауда өтуі бекер емес. Себебі Ұлытау-тұнып тұрған тарих.
Бағдат ӘБДІРАЙЫМОВ Ұлытау аудандық білім бөлімінің басшысы
Ұлытау жері бұл қасиетті жер. Себебеі Ұлытау жерінде барлық осы Қазақстанның негізгі тарихи ескерткіштері топтасқан жері.Сол себепті осы семинарды біздің осы Ұлытау облысының мұғалімдері тәжірибе алмасып, өте бір керемет семинардың болатынына мен сенемін.
Семинар ерекше форматта өрбіді. Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі академик «Қ.Сәтбаевтың туғанына-125 жыл», «Марғұлан және дала мәдениеті» тақырыптық көрмелері мен «ежелгі металлургтер қонысы», «далалық ұстахана» көрме инсталяциясын ұсынды. Жалпы семинарды өткізудегі мақсат: іс-тәжірибе алмасу арқылы пән мұғалімдерінің шығармашылық қабілетін дамыту.
Гүлден АБДИПАТТАЕВА Ұлытау аудандық білім бөлімінің әдіскері
Семинардың өзектілігі әр ауданның басынан келген мұғалімдер сабақ береді және жыл бойы атқарылған іс-шараларды тарихқа,жобаларға қатысты бірнеше оқушыларымыздың шыңдалған соның нәтижесін облыстық семинарда көрсете аламыз.
Осылайша мұғалімдер дәріс оқып, өз тәждірибелерімен бөлісті,ашық сабақтар ұйымдастырылды. Алдағы уақытта ұстаздар біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғаса бермек.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Октябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |