Биыл мемлекеттігіміздің символдарының қабылданғанына 32 жыл толды. Ұлытаудағы ілкімді шара орталық алаңда өтті. Аудандағы Ту көтеру рәсіміне аудан әкімдігі мен мәслихат депутаттары, ардагерлер мен еріктілер және белсенді жастар қатысты.
Алмаз ҚАЙЫРБЕК Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары
Мемлекеттік рәмздеріміз біздің егемендігіміздің, еліміздің айрықша белгісі болып табылады. Сол себепті біз әрқайсымыз осы Отанымызды қалай құрметтесек,мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет дәл солай болу керек.Құрметті жерлестер, баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын.
Ту, Елтаңба және Әнұран. Егемендіктің ең басты белгісі, тәуелсіз елдің нышаны осылар. Рәміздерге құрмет көрсету, өзіңнің елдігіңді бағалау, тәуелсіздігіңді ұлықтау дейді жиынға жианлғандар.
Нұрлан ҚАСЫМБЕКОВ Ұлытау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Мереке құтты болсын. Ұлытау халқы әрқашанда бұл мерекені айрықша қарсы алады.Өзіміздің ұлтымызды, қазақтың кім екенін білдіретін мереке.
Алтынсары ОРАЗБЕКОВА Ұлытау ауданының тұрғыны
Біз егемен еліміздің ұрпағын тәрбиелеп отырған әжелерміз ғой енді. Ұрпақтарымыз аман,еліміз тыныштық болсын. Табиғи апаттар борлмасын. Балаларымыз жақсы өмірсін. Туымыз көкке желбірей берсін.
Салтанатты іс- шарадан кейін,аудан жастары автошеруге шықты. Көк байрақты көкке көтере желбіреткен осы көліктер колонна түзіп, Ұлытаудың басты көшелерімен жүріп өтті. Автошеру орталық алаңында түйінделді. Бұл жердегі әрбір сәт барша адамзатты отансүйгіштікке шақырғандай әсер қалдырды. Жастардың бойынан рухты,жігерді, елге,жерге дегеен құрметті байқадық. Халқымыздың рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін рәміздер қазақ жұрты үшін қастерлі, қадірлі. Мәңгілік елдің аспанында көк туымыз желбірей берсін!
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ