ҰЛЫТАУ АУДАНЫ

"Бір ауыл - бр өнім" жобасы

Бөлісу:

Көрме жәрмеңкенің мақсаты сол-ауыл өнімдерін брендке айналдыру, кәсіп бастаған қыз-келіншектердің бастамасын қолдау.Іріктеу кезеңінен өткен кәсіпкерлер облыстық кезеңде бақтарын сынайтын болады.  

Гүлмира ҚАЖЕНОВА Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы 

Бұның бәрі осы өз бизнесін ашып  кәсібін ашып жаңа жұмыс орындарда жасап, өз экономикалық ахуалын жақсартуға берілетін мүмкіндік. Сол мүмкіндікті пайдалатын адамдар сол мүмкідікті пайдалану керек негізі

Жәрмеңкеде   ауылдың сүт,айран, қымыз, құрт-майынан бастап, жылқы,сиыр,қой етіне дейін  қойылған. Ол түсінікте де.Табиғи таза өнімдерді алуға асық келуішлер.Одан бөлек тауарлардың бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен.Мәселен, Ұлытау аудынының тұрғыны жәрмеңкеге осымен екінші мәрте қатысып отыр. Былтыр жеңімпаз да болған екен. 

Гүлмира ДҮКЕНБАЕВА жеке кәсіпкер 

-Жеке кәсіпкерлік ретінде қазіргі таңда біз тек сүт өнімдерінен жасалынатын тағамдарды өндіріп жатырмыз. Шаруа қожалығымыз бар. Сол жердегі өзіміздің мал шаруашылығынан алынатын өнімдерді ары қарай дамытып, осылай халыққа ұсынудамыз.

Айжан БЕКЕТАЙ  жеке кәсіпкер 

Осы шағын ғана өзіміздің кәсібімізді бастап, алға ұмтылып келе жатырмыз.  Қазіргі таңда жұмыс істеп жатқанымызға биыл 14 жыл болды. Біз Ұлытау ауданына келген барлық қонақтарды өзіміз қазақи дәстүрмен қазақтың етімен, қымызымен, бауырсағымен қарсы алып осылай шығарып саламыз. Бүгінгі бір ауыл-бір өнімге өзіміздің үлесімізді қосып, өзміздің жеке кәсіпкерлігімізді көрсетуге, дамыту мақсатында келіп тұрмын. 

Сондай-ақ,көрме жәрмеңкеден қазақтың ұлтттық бұйымдары мен құрақ көрпелерді көруге болады. Жеке кәсіпкер Айнагүл Омарова құрақ көрпе тігудің хас шебері. Бүгін анасы тіккен көрпе жастықтарды қызы көрмеге әкелді. 

Құралай БИМАҒАНБЕТОВА жеке кәсіпкер 

Мен бұл көрмеде көрпе сатып жатырмын. Көрпе, жастық, сумкалар бұлардың бағасы- көрпелер 14 мыңнан, жастықтар 3жарым мыңнан, сумкалар 4мыңнан. Көрменің авторы менің анам- Айнагүл Омарова. 

Айта кетейік, «Бір ауыл-бір өнім»жобасы 20-сы Жаңаарқада ал, 24-ші  тамыз күні Жезқазғанда жалғасады. Ол жақтан да ең үздіктері анықталып, облыстық сайысқа жолдама алады. Өнімдер ел аумағында сатылып, шет елдерге де экспорттауға Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасы көмек береді. Мәселен, өнімін сертификаттауға, оқытуға, маркетинг, жоба жасауға жәрдемдеседі

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ,  МЕЙІРЖАН  МЕЙРАМҰЛЫ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Октябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты