ТӘЛІМГЕРЛЕР ОҚУ КУРСЫНАН ӨТТІ
Ulytautv 04-июн, 12:05 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Оқытуға «Қазақмыс» корпорациясының құрамындағы өндіріс орындары мен серіктес кәсіпорындардан 30-ға жуық тәлімгер қатысты.Олар жас мамандарға кәсіби тәжірибе мен білімді тиімді жеткізу жолдарын талқылады.
Маржан Жәуен Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
Курс барысында қатысушылар оқу бағдарламасын жасау, студенттермен тиімді қарым-қатынас орнату,психологиялық қолдау көрсету сияқты өзекті тақырыптарды меңгерді. Сабақтарды Астана қаласынан арнайы шақырылған,мол тәжірибесі бар тәлімгер-мультипликатор Қарлығаш Оспанова жүргізді.
Қарлығаш ОСПАНОВА тәлімгер-мультипликатор
Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасы мұндай бастамаларды әрі қарай да жалғастырып,өңірдің кадрлық әлеуметін дамытуға ықпал етпек. Айта кету керек,алдағы уақытта Қазақмыс корпорациясының 200ге жуық маманы осы тәлімгерлік мектебі арқылы білімін жетілдіруді жоспарлап отыр.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ