ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

ТІЛ ТІРЕГІ - БАЛАБАҚШАДА

Бөлісу:

Әр ұлттың ана тілі- білімнің кілті. Дөңгелек үстел басына жиналған   тіл жанашырлары  ана тілімізді дамыту-мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының ісіндегі басты мәселе екендігіне назар аударды. Еркін форматта  өткен пікір алмасуда Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы»   Ұлытау облыстық филиалының төрайымы Базаргүл Сейітжанқызы  қазіргі таңда сәбилердің тілі орысша шығатын ахуал орныға бастағанын,бастауыш сыныптардағы орыстілді балалар қазақша оқуға көндіге алмай,орыстілді сыныптарға ауысуы да   кездесіп қалатындығына  алаңдаушылық білдіріп, оны бірлесе шешу жолдарына тоқталды. Ұлытау облысында биылғы оқу жылында орыс тілінде білім беретін мектептер жоқ, бұл біздің ата-аналармен жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі дейді қалалық білім бөлімінің маманы Әйгерім Қанапияқызы


Әйгерім Қанапияқызы қалалық білім бөлімінің маманы

Орыс тілінде оқытылатын бала саны азайып отыр. Балабақшада орысша оқып келгеннің өзінде мектепте қазақшаға даярлық топтарында оқытылады. Содан кейін қазақшаға барады. Биылғы оқу жылында ұлты қазақ, ата-анасы қазақ балалардың бәрін қазақ сыныптарына жібердік


Жезқазған қаласында 14 балабақша бар, оның төртеуі мемлекеттік тілде, 10 аралас. Осыдан 20 жыл бұрын 85 топтың 20-сы қазақ тобы болса, ал қазір 118 топтың 88-і қазақ тобы, 30 орысша. Бұл жақсы көрсеткіш десек те, өзекті мәселелер әлі де жеткілікті.


 Мейрамкүл Жолдасбекқызы Жезқазған қалалық «Қазақ тілі»қоғамының төрайымы 


 бүгінгі іс-шараны өткізудегі алға қойған мақсатымыз- біздің ата-бабаларымыз еш уақытта тілсіз, рухсыз егемендікті,тәуелсіздікті аңсаған емес. Сондықтан қазіргі бізге жетпей жатқаны –азаматтық жігер мен рух.Бүгінгі дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер- қала  балабақша әдіскерлерінің қолында. Олар-балабақшаның жүрегі деуге болады


Мейрамкүл Жасынбекқызы «Айгөлек» бөбекжайының әдіскері.


Біздің бөбекжайда 8 топ құрылғанымен, 7 топ мемлекеттік тілде,1 топ өзге ұлт балаларына арналған. Тәлім-тәрбие жұмысы бөбекжайда тақырыптарға сай атқарылады.Құжаттар мемлекеттік тілде жүргізіледі.Болашақта жаңағы бір топты да мемлекеттік тілге ауыстыру жоспарымызда бар. Биыл біздің  «Айгөлек» бөбекжайы «Қазақшаңыз қалай?» байқауына қатысып, бірінші орынды жеңіп алды, 150 мың теңге сыйлыққа ие болды.


Іс-шара жайлы толығырақ апта соңындағы «Жұма» тележурналынан көре аласыздар.

НҰРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты