Алдын алу бойынша департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 3 мониторинг және 3 сыртқы талдау жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаның ластануы мониторингінің нәтижелері бойынша «Жезқазған қаласының жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» акционерлік қоғамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәслихаттың шығарындылары бойынша ставкаларды бекіту туралы шешімінің болмауына байланысты 54 млн теңге айыппұл салынды. Облыс бюджетінде шамамен 1,5 млрд теңге жетіспеушілік белгіленді. Департаменттің ұсынысы бойынша бұл мәселе мәслихаттың қарауына шығарылды.
Ерлан ЖОЛДЫБАЕВ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
«Сәтпаев қаласының жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорны» акционерлік қоғамы қызметінде 108 млн теңге сомаға негізсіз табыс фактілері анықталды. Онда 11,7 мың абоненттің құқықтары қорғалды. Оларға жоғарыда көрсетілген сома жылуға өтемақы тарифі есебінен берілді. Жүргізілген талдаулар бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, Департаменттің бастамасы бойынша талдау жүргізу барысында барлық жұмыс түрлері кепілдік мерзімі ұлғайтылған ең төменгі мерзімі бойынша жойылды.
Сондай-ақ, сметалық құнын асыра бағалау фактілері анықталды. Мемлекеттік сатып алу маниторингі шеңберінде 400 млн теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. 5 тәртіптік жаза қолданылды. Әкімшілік тәжірибе желісі бойынша 3 адам жауапкершілікке тартылды.
Ерлан ЖОЛДЫБАЕВ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Сондай-ақ 69 бизнес субьектісінің құқықтары қорғалды. Департамент 4 ұзақ құрылыс нысандарының мониторингімен қатар ұлттық жобаны іске асырумен қатар жүреді. «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында әрқайсы 2 кезеңнен тұратын 6 мектептің құрылысы жоспарланған. Тамыз айында 300 орындық мектепті аяқтау жоспарлануда.
Барлық құрылыс нысандары бейне камералармен жабдықталған. Бұдан басқа, Департаменттің ұсынысы бойынша құрылыстың сапасын арттыру мақсатында уәкілетті орган кепілдік мерзімдерін 84 айға дейін ұлғайту туралы бұйрық шығарды.
Ерлан ЖОЛДЫБАЕВ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Жедел желі бойынша жоғары лауазымды адамдардың қатысуымен қылмыстық схемалар мен жүйелі сыбайлас жемқорлықты анықтауға баса назар аударылды. Қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері әртүрлі дегейдегі оның ішінде 4- облыстық және 6-қалалық маңызы бар жалпы айтқанда 10 басшы әшкереленді.
Тергеу желісі бойынша қылмыстық істерді обьективті және жан-жақты тергеу басымдықтары болды. Қазіргі уақытта 19-ы аяқталды. 9-да айыптау үкімі болған. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда алдын алу , сондай-ақ жедел тергеу бағыттары бойынша көрсеткіштердің динамикасы айтарлықтай жақсарды.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ » ТЕЛЕАРНАСЫ