Биыл қаламызда Аналар Кеңесі құрылып, құрамына әр салада жемісті еңбек етіп жүрген белсенді аналар енген болатын. Аталған кеңестің жүзеге асырып жатқан жобалары да аз емес. Шараның ашылу салтанатында шаһар басшысының орынбасары Бақытжан Жайлаубаев құттықтау сөз сөйлеп, Аналар кеңесінің бірнеше мүшесіне алғыс хаттарын табыс етті.
Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ
Айтады ғой енді ана деген бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деп жәйдән-жәй айтылған сөз емес. Әрине сіздерге осы қандай құрмет көрсетсек те, қандай мақтау айтсақ та әрдайым жарасады. Сіздердің осы қаланың қоғамдық саяси өміріне белсенді араласып, Жаңа Қазақстанды, қоғамды құру істерінде жеке еңбектеріңіз үшін, шығармашылық үлестеріңіз үшін сіздерге әрдайым қала әкімдігінің атынан шынайы ризашылдығымызды білдіреміз.
Сонымен қатар, Жезқазған қаласының рухани-мәдени өмірінің дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Ақ әжелер» ансамблінің әншілері Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Қаниса ТЕЛҒОЗИНА, Жезқазған қалалық Аналар кеңесінің төрайымы
Жезқазған қалалық әкімдігі бізге бүгін бөлме ашып беріп жатыр Аналар кеңесіне. Бұл біздің құндылығымыз дәстүрден келе жатқан. Бұл дәстүріміз ананы құрметтеу. Анаға құрмет деген атпен бүгінгі біз алғашқы жиынымызды осымен бастайын деп отырмыз. Ана- ұрпақты тәрбиелейді, қоғам-ананы құрметтейді. Алғысымыз шексіз.
Аналар кеңесі жұмысының негізгі бағыты-отбасы институтын сақтау мен қоғамдық келісімді нығайту.Қорыта айтқанда, аналар- біріктіруші, жылу беруші, тәрбиелеуші ретінде кеңес жұмысын әрі қарай өрбіте бермек.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ