ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Экологиялық жағдай басты назарда

Бөлісу:

Жүргізіліп жатқан зерттеулердің басты мақсаты Ұлытау ауданы мен Жезқазған, Сатпаев қалаларының экологиялық статусын анықтау. Комиссия жиынын Ұлытау облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ұлантай Үсенов ашып, жүргізіп отырды.

Ұлантай ҮСЕНОВ Ұлытау облысы әкімінің орынбасары 

Ең бастысы биыл біз енді осы жұмысты аяқтауымыз керек. Сосын алдағы біздің арнайы министрліктерге  осы жасалған жұмыстардың бәрін тұжырымдамасын тапсыруымыз керек. 

Ең әуелі ауқымды мәселеге зерттеу жүргізіп жатқан «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС қызметкерлерінің баяндамасы тыңдалды. Жиын барысында ағымдағы жылдың шілде айында атмосфералық ауаның, ауыз судың, топырақтың, өсімдіктер мен жануарлардың және  халықтың денсаулық сапасын бағалау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылды.

Ерлан САДУАҚАСОВ  «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС-нің  Ұлытау облысындағы өкілінің  директоры 

Қазіргі уақытта біз шілде айында атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат беріп жатырмыз. Әдеттегідей алдыңғы айлардағындай ауа сапасын тексеріп жатырмыз. Ауа сапасының біразы нормадан ауытқуыда анықталып жатыр. 

Облыстық комиссиясының отырысы айына бір рет ұйымдастырылып отырылады.  Қоғамдық талқы ендігі кезекте тамыз айындағы зерттеулер қортындысымен жалғасын табады.

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты