ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Кезекті рейд

Бөлісу:

Су қателікті кешірмейді. Осы  орайда  - «Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні»  қарсаңында өңірімізде дәстүрлі рейдтер мен профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, жағажайға келушілерге ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Еркін ЖАНАБАЕВ Ұлытау облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы

Жағажайда демалушылар мен біздің құтқарушылар суда адамдарды құтқару тәсілдерін, оларға жаңағы суға батқандарға алғашқы көмек көрсету тәсілдері және де медициналық көмек көрсету тәсілдері үйретілуде. Бұның барысында жаңағы балаларға, тұрғындарға олардың өздігінен құтқару тәсілдерін үйреніп, өзара қолдарымен жасап көру, пысықталуда 

Өкінішке қарай, ресми статистика мәз емес... Шомылу маусымы басталғаннан бері  республика бойынша  86 адам суға кеткен.Оның 35-і бала. Ал біздің облыс  аумағында 4 адам суға батып қаза болған.

Еркін ЖАНАБАЕВ Ұлытау облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс бөілімінің бастығы

Жалпы бұл акция негізі бізде жылда өткізіледі. Бұның негізгі мақсаты адамдардың суда қаза болуының алдын алу. Тұрғындарды су айдындарындағы  қауіпсіздік шараларын қатаң түрде сақтауларына шақырамын. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Айта кетейік, төтеншеліктер  - тұрғындар суға түсуге рұқсат етілген арнайы орындарда ғана шомылса дейді.  Су қауіпсіздігі шаралары бұзылған жағдайда 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл салынады. 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты