«Қауіпсіз сауда» акциясы барысында жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, "Атамекен"Ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдерін,еріктілер мен блогерлерді тарта отырып, сауда-ойын-сауық орталықтарында,сауда үйлерінде және базарларда өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы сақтау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Асылхан АБИКЕНОВ Ұлытау облысының ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ұсынымдар бере отырып, саудаойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен базарлардың иелерімен және жалға алушыларымен 16 кездесулер ұйымдастырылып, 145 адам қамтылып 210 жадынама таратылды. Осы санаттағы объектілердің жедел жоспарлары мен өрт сөндіру карточкаларына түзетулер енгізіліп, сондай-ақ ірі объектілерде3 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Акция аясында жаппай сауда нүктелерінің қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі техникасы мен өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, маңызды ережелердің сақталуын, оның ішінде өрт сөндіру құралдарының және ашық авариялық шығу жолдарының болуын тексерді.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |