Иммуноглобулин, А-Нефропатия. Міне 13 жасар Нұрисламға осындай диагноз қойылған. Басында ата –анасы 4200 АҚШ долларын төлеп Түркия елінде емдеп химиотеропияның бірінші курсынан сәтті өткен. Дәрігерлер енді екінші рет тағы химиятеропия алу керек, үміт бар депті. Оған 26000 АҚШ доллары қажет екен. Қаланың қайырымдылық қорлары мен жеке кәсіпкерлер және қайырымды жандар,жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері бірігіп осындай жәрмеңке ұйымдастырды.
Жанна ҚОЙБЕКОВА ұйымдастырушы
Қазіргі таңда енді 4 млн-нан астам ақша жиналды. Осы бүгінгі жәрмеңкеден тағы да түсіп жаста, ата-анасына апарып береміз сол қаражатты. Барша Ұлытау облысының тұрғындарын осы жәрмеңкеге ат салысуға шақырамыз.
Жалпы, 2 сағаттан аса уақытқа созылған жәрмеңкеде 600 мың теңгеге жуық қаржы жиналды. Енді, бұл ақша Нұрислам Кеңесханның еміне жұмсалмақ.
Арман ЖАНАЛИЕВ қала тұрғыны
Құрметті Жезқазған қаласының қала тұрғындары Кеңесхан Нұрислам баламыз осындай ауыр ауыр жағдайға душар болып қалған екен. Бұл жағдайды ешқайсымыз шетте қалып қоймайық. Қолымыздан келгенше баршамыз ауызбіршілікпен көмектесейік. Баршаңызды көмекке шақырамын.
Қайырымды жандар, осындай игі істерді әлі де жалғастыруға ниетті. Ал, Нұрисламға қол ұшын беремін десеңіздер экранда көрсетліген реквизиттер арқылы төлем жасауларыңызға болады. Сауапты іс жасап жарысайық.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ