Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Осы уақыт ішінде денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер орын алды. Атап айтқанда соңғы төрт жылда денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай ұлғаюы емхана деңгейінде көрсетілетін консультациялар мен диагностикалық қызметтердің санын арттырды. Бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болған медициналық қызметтер, түрлі анализдер мен күрделі оталар қолжетімді бола түсті.
Диана ОРАЗАЛИНА халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің жетекшісі
- Осы акциялар аясында біз сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС пакеті шеңберінде медициналық көмектердің кең көлеміне ие болатыны туралы түсіндіріп, одан кейін МӘМС мәртебесін тексерудің жолдарын, алудың тәсілдер туралы кеңінен ақпарат таратып жатырмыз.
Айта кетейік, өңіріміздегі сақтандырылмаған азаматтардың үлес салмағының әлі де жоғары болуы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды жүзеге асуына кедергі келтіріп отыр. Бүгінде Ұлытау облысы бойынша 220 932 тұрғынның тек 194 741 сақтандыру мәртебесіне ие болды. Ал, 26 191 облыс тұрғыны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерден тыс қалуда.
Диана ОРАЗАЛИНА халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің жетекшісі
Бүгінде Жезқазған қаласында өтіп жатқан акцияға біздер Жезқазған қалалық емханасы қолдау білдірді. Бұндағы ақ халаттылар келушілердің қан қысымын өлшеп жатыр. Қандағы қанттың құрамын және де вич тесттарын алып жатыр. Сонымен қатар, келушілер салмағы мен бойын өлшеуге сондай-ақ, ақ халаттылар скринингтың түрлері, салауатты өмір салтын сақтанудың жолдары, балалар мен ересек адамдарға салынатын екпелер туралы кеңінен хабар таратуда.
Еске сала кетейік, сақтандыру мәртебесі болмаған жағдайда сақтандырылмаған азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көмегіне ғана ие бола алады.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |