ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Жас домбырашылар жеңіспен оралды

Бөлісу:

Халықаралық конкурста бағын сынаған Ұлытау ауданы  «Ұлар» ансамблінің домбырашылары қарсыластарынан оза шауып, биіктен көрінді. Аспапта орындау бағыты бойынша  10 бүлдіршіннен құралған ансамбль «Салкүрең»күйін   орындап бас жүлдені иеленді. Ал, дуэттік орындауда Жаңагүл Кенжебай шәкірті Нұрперзент Аймағанбетпен бірлесе  «Көңіл толқынын» шертіп, 1 орынды қанжығаларына байлады.

Жаңагүл КЕНЖЕБАЙ «Ұлар» ансамблінің жетекшісі

Жарыста көптеген өнерпаздар болды әр жерден келген- Тараздан, Талдықорғаннан, батыс жақтардан келген қатысушылар көп болды. Соның ішінде қанжығамызға Бас жүлде мен бірінші орынды иемдендік. Енді алдағы уақытта да үлкен жарыстарда қол жеткізуге тырысамыз. 

Ұлытау ауданындағы  «Балалар өнер мектебінің» домбыра сыныбы ашылғаннан бері бағындырған белестері де аз емес. Атап айтар болсақ, 2023-2024 жыл қатарынан «Мұрагер» байқауының Бас жүлдегерлері, биыл наурыз айында Түркия елінде өткен   «Alash Fest»Халықаралық байқауынан Бас жүлде және жүлделі 1-ші,2-ші орындарды да иеленген. Қазіргі уақытта  үйірмеде  30 шәкірт білім алуда. 

Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты