ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Төтенше жағдайлар департаментінің жарты жылдық жұмыс қорытындысы

Бөлісу:

Алдыңғы жылмен салыстырғанда биыл өрттің тіркелуі 10 пайызға төмендеген. Өрт қауіпінің алдын алу мақсатында 47 рейдтік іс-шара мен 108 нұсқаулық өткізілді. Онда 4 мыңнан астам  адам қамтылған. Сондай-ақ, елді мекендердің айналасына  325 шақырымда минералданған жолақтар құрылған.  Ал, адамдардың қаза болуының негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, балалардың отпен ойнауы, ақаулы пеш жабдықтарын пайдалануы дейді төтенше жағдайлар департаменінің маманы. 

Абиль УРАЗОВ Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы 

Қазіргі таңда облыс аумағында орман және дала өрті фактілері тіркелмеген. Облыс аумағындағы жағдай тұрақты, күн сайын космомоноторингпен бақыланады.  

Бұдан бөлек, өзекті мәселелердің бірі адамдардың судағы қауіпсіздік мәселесі айрықша назарда. Төиенше жағдайлар департаменті су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстардың барлық кешендерін ұйымдастырған. Құтқарушылар тұрақты негізде облыстың су айдындарында рейдтік шаралар мен патрульдер жүргізеді. 

Сондай-ақ, биыл су айдындарындағы ережені бұзғаны үшін 17 жеке тұлға  220 мың теңге сомасында әкімшілік жауапкершілікке тартылды.   Айта кетейік, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-ші бабына сәйкес жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ  

Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты