Жезқазған өкінішке қарай қолайлы экологиямен мақтана алмайды. Мамандардың айтуынша, әрбір көліктің үшіншісі ауаны ластайды. Осы орайда ауаға зиянды шығарындылардың мөлшерін бірден анықтайтын арнайы құрылғылар орнатылды. Айта кетейік, егер зиянды заттардың концентрациясы мөлшерден асып кетсе, полиция алдымен ескерту жасайды. Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда-әкімшілік хаттама жазады.
Бүгін полицейлер мен экологтар 50-ден астам автокөлікті тексерді. Олардың кейбіреулері атмосфераға зиянды заттар шығарындылары бойынша экологиялық нормативтен асып кету фактісін тіркеді. Акция қазан айына дейін өткізілетін болады.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ