ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Әкімшілік рәсімдік процестік кодекс

Бөлісу:

Енгізілген Кодекстің Азаматтық іс жүргізу кодексінен басты айырмашылығы-жария-құқықтық дауларды қарау кезінде судьялардың бейтараптығы. Бұл сотта тараптардың теңдігі болады дегенді білдіреді. Азаматтық іс жүргізу кодексінің негізгі мақсаты жеке – құқықтық дауларды қарау процесін реттеу. Бұл барлық істердің 95% құрайды. Ал, 5%-ы жария-құқықтық дауларға тиесілі.

Анар Әлжанова, Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты төрағасының міндетін атқарушы 

 Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс мемлекеттік орган ішіндегі өзара қатынастарды да реттейді. Мысалы егер Жер кодексінде жер учаскелерін алу жөніндегі өтініштерді қарау мерзімі көрсетілсе, онда соттар жер кодексінде көрсетілген мерзімдерді басшылыққа алады.

Айта кетейік, әкімшілік процестің жаңалықтары талап қоюдың 4 түрі болады. Дауласу, мәжбүрлеу, іс-әрекет жасау, тану. Құқықтар мен бостандықтарды қорғау мен қалпына келтірудің тиімділігі сот ісін дұрыс таңдауға байланысты. Бұл тұрғыда азамат судьяның "көмегіне" ие болады. Сондай-ақ, Сот тарапқа құқықтық салдарын алдын ала түсіндіре отырып, талап қою, талаптарын тұжырымдауға немесе өзгертуге жәрдемдесу құқығына ие.Сонымен қатар, әкімшілік рәсімдік-процестің кодексінде татуластыру рәсімдері де құпталған. Татуластыру рәсімдерін қолдану мүмкіндігіне әсер ететін негізгі шарт - жауапкердің әкімшілік қалауына байланысты.

АЛМА СӘЛІЖАНҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты