Құрылғаннан бері Ұлытау облысының Нотариаттық палатасы аумақтық әділет органымен, мемлекеттік мекемелермен, соттар және өңірдің басқа да ұйымдарымен бірлесіп маңызды мәселелерді шешуге қатысуда. Оның ішінде жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, өңірдің ауылдық округтері мен қала тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Облыстық сотта мемлекеттік және құқық қорғау органдары, облыстық Нотариаттық палата және адвокаттар алқасы өкілдерінің қатысуымен "мемлекеттік тілде құжаттарды жүргізудің маңызы"тақырыбында отырыс өтті.
Мейрамкүл ШУБАЕВА Ұлытау облысының Нотариаттық палатасының төрағасы
Қазіргі уақытта бізде аумақ бойынша нотариаттық атқарушылық жазба жасалуда. Бізде атқарушылық жазба бойынша көптеген шағымдар бар. Бүгінгі таңда көптеген сұрақтар жинақталған. Нотариаттық палатаның құрылуына байланысты бізде үй-жай жоқ. Әрбір нотариус ай сайын нотариаттық жарналарды аударып отырады. Бұл сома бізге жетпейді, сондықтан біз Ұлытау облысының Нотариаттық палатасы үшін үй-жай сатып алу мәселесін талқыладық. Алда, Нотариат туралы заңға енгізілген өзгерістер мен Нотариат туралы заң жобасын да талқылаймыз.
Сонымен қатар, облыстық прокуратура ғимаратында онлайн форматта аумақтық палаталар төрағаларының ҚР министрлерімен жұмыс кездесуі өтті. Ұлытау облысының Әділет департаменті Жезқазған қаласы сотының және нотариаттық палата мүшелерінің қатысуымен "соттың атқарушылық жазулардың күшін жою" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Облыстық соттың бастамасымен Нотариаттық палата төрағасы және Тілдерді дамыту басқармасы өкілінің қатысуымен "тілдік кемсітушілікке жол бермеу және азаматтарға мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсету" тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Айта кетейік, Ұлытау облысының 13 нотариусы "Медиацияның жалпы курсын" аяқтап,тәжірибеде медиативтік келісімдерді сәтті қолдана бастады. 2023 және 2024 жылдары өңірдің барлық нотариустары біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2023 жылы Ұлытау облысының нотариустары Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің талаптарына сәйкес заңдарды білу тестілеуінен сәтті өткен.
Мейрамкүл ШУРАБАЕВА Ұлытау облысының Нотариаттық палатасының төрағасы
Бүгінгі таңда облыста 37 нотариус жұмыс істейді. Жезқазғанда 18 нотариус, Сәтпаевта 11, Қаражалда 4, Жаңаарқада 4 нотариус және Ұлытау ауданында 1 нотариус бар.
Іс-шара соңында нотариат күнін мерекелеу құрметіне орай бірқатар нотариустар Республикалық нотариаттық палатаның, Әділет министрлігінің және Ұлытау облысының Нотариаттық палатасының мерейтойлық медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |