ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Ұлытаулық ұстаздар – Ұлыбританияға барады

Бөлісу:

Алдымен жиналған жұртышылық білім саласындағы инновациялық шешімдер көрмесін тамашалады. Одан әрі залға жиналған ұстаздар заманауи білім берудің даму тенденцияларына және заманауи жағдайда білім беру үдерісін өзгерту тақырыптарында пікір алмасты. Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының вице президенті Руслан Каратабанов қатысышулырады резолюцияның жобасымен таныстырды. Сонымен, марапаттау рәсімі басталды. Онда «The Ulytau Educational Foundation» қорының жылдық жұмысының нәтижесі шығарылды. Және де «CLIL Methodics and Tools» байқауына қатысқан ұстаздар марапат биігінен көрінді. Айта кету керек, «CLIL Methodics and Tools» байқауы 2023 жылдың 5 желтоқсанында басталып, 2024 жылдың 10 сәуірінде аяқталды. Байқау  2 кезеңнен тұрды. Ол «Ұстаз Ұлытау» педагогикалық трансформация орталығының «Шет тілдері» бағыты аясында өтті. Ұйымдастырушы: «The Ulytau Educational Foundation» қоғамдық қоры. 

 

Шынар КӘКЕНОВА «Ustaz Ulytau» педагогикалық трансформация орталығының «шет тілдері» бағытының жетекшісі 

Байқаудың ережесі бойынша әр мұғалім 5 сабақ түсіреді.Конкурс онлай өтеді. Сол 5 сабағын ютуб каналға жариялайды. Сосын южри өз бағасын береді. 


Әділқазылар алқасы мұғалімнің өз пәні бойынша сабақты ағылшын тілінде өткізудегі педагогикалық шеберлігін, сондай-ақ бірінші кезеңдегі байқау жұмысындағы сабақтың белгіленген жоспарға сәйкестігін бағалады.

 

Гүлназ ҚЫДЫРБАЕВА «CLIL Methodics and Tools» байқауының қазылар алқасының мүшесі 

Өте жоғары деңгейде өтті. Әрине оңай емес.Мұғалімдер барын салыпты. Бірінен-бірі өтеді. Дегенмен мен де өзіміздің бағамыз бойынша баға қойдық. 


Байқау осымен 2-ші мәрте өтіп жатыр. Бұл жолы 24 пән мұғалімі қатысуға өтініш берген. Бұрынғы байқаулардан ерекшелігі екі қатысушы өздері әзірлеген әдістемелік құралдарға авторлық құқық куәлігін алды. Сәтбаев қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Виктория Панина физика терминдерін ағылшын және қазақ тілдерінде жаттау үшін карточкалар әзірлесе, Жезқазған қаласындағы №8 гимназияның биология пәнінің мұғалімі Құралай Асанбаева ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі биология терминдерін оқуға арналған арнайы карталар әзірлеген. 


Өткен жылы 4 жеңімпаз Түркияға жолдама алса, биыл «CLIL Methodics and Tools» байқауында бас және жүлделі орындарға ие болған 3 мұғалім Ұлыбританияға екі апталық оқуға және тағылымдамадан өтуге жолдама алды. «Мектептегі кәсіптік бағдар беру қызметі» жобасының үздік қатысушысы номинациясын алған 3 мұғалім де Ұлыбританияға оқуға аттанады. 

 

Дамир ҚАЙРАТОВ «CLIL Methodics and Tools» байқауының жеңімпазы

Мен жасанды интеллекті қолдандым.Курс қыркүйек айындас басталды. Білімімізді тәжірибе жүзінде қолдандық.Ұлыбританияға барамын. Көп рақмет.


Шолпан КАЛИХАНОВА «Мектептегі кәсіптік бағдар беру қызметі» жобасының үздік қатысушысы номинациясының иегері 

Біз жалпы 2021 жылдан бастап осы  жобаға жұмыс жасап жатырмыз. Экожүйе қалыптасуда. 2қалада клуб құрылды. Бірге жұмыс жасап жатырмыз. 


Бұдан бөлек, жеке номинацияларды жеңіп алған тағы 3 ұстазға Астанадағы Канада халықаралық мектебінде бірапталық тағылымдамадан өтуге сертификаттар табыс етілді. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты