Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаменті басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары және қызметтік әдеп нормаларының сақталуы бойынша жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары бойынша Қаражал қаласы әкімінің және Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының есептері тыңдалды.
Самат Үмбеталиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Әдеп жөніндегі кеңес отырысының негізгі мақсаты да осы. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың, қызметтік этиканың жұмыс барысында қатаң сақталуын қамтамасыз ету, әдеп нормаларына қайшы шараларға жол бермеу. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.
Бүгінгі қоғамда болып жатқан өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңаша ұйымдастыру қажет екендігін көрсетуде. Кеңес мүшелері аталған бағытта бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау»
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |