ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Ұлытау ауданындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда

Бөлісу:

Аймақ басшысы аялдаған алғашқы нысан - аудан орталығында орнатылған кәріз тазарту қондырғысы. Аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша қолға алынған жоба 2022 жылы толығымен аяқталған. Алайда,  сол жылдың күзінде кәріс тазалағыш ғимараттының екі насосы істен шығып, құрылыс нысаны қабылданбаған. 

Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков - аталған нысан жыл соңына дейін аяқталады деді. Әрі қарай аймақ басшысы бастаған топ Өлкетану мұражайына барды. Мұнда - ғимарат ауласына ауданның 85 жылдығына демеушілер есебінен қойылған «Домбыра» мүсіні таныстырылды. Биылғы жылы мұражайға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ал, мынау Абай көшесінде салынып жатқан 36 пәтерлі үш қабатты тұрғын үй. «Самға» мердігерлік компаниясының өкілдері - Құрылыс жұмыстарының дені аяқталуға жақын екендігін жеткізді. Желтоқсанның соңына дейін толықтай дайын болатын тұрғын үй – 2025 жылдан бастап пайдалануға берілмек.

 

Облыс әкімі – аудан орталығындағы Спорт кешенінде де болды. Ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда  спорт кешенінде спорттың 8 түрі бойынша үйірмелер тұрақты жұмыс істеуде. Айта кетейік, Ауданда жуырда Бассейн кешені жобасы қолға алынбақ.

   Сонымен қатар Дастан Рыспеков -  құрылысы жүріп жатқан аурухана мен емханадағы жұмыстарды да бақылады Аурухана құрылысы бойынша қазіргі таңда - ішкі әрлеу, инжинерлік істер және абаттандыру жұмыстары кезеңінде. Оған медицина мамандарын тарту шаралары да ұйымдастырылмақ...

 

Облыс әкімінің Ұлытау ауданына жасаған жұмыс сапары – ауданға қарасты Жезді және Қарсақбай кенттерін жалғасын тапты. Ол жөнінде жаңалықтарымыздың келесі санында тарқататын боламыз....

 

Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау»

 

Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты