2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспарына сәйкес өрттің және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. 15 ші тамызда бастауын алған жұмыстар үш кезеңді қамтиды...
Мұрат Қарақойшы, Ұлытау облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы
15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін – 1 кезең, 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін – 2 кезең, 15 қазаннан 2024 жылғы 20 сәуірге дейін – 3 кезең өткізу жөніндегі жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда облыс аумағында 133 датчик орнатылды. Анықтама: 100 көміртегі тотығы датчигі, 33 түтін датчигі.
Қазіргі уақытта датчиктерді орнату жұмыстары жалғасуда,халықтың әлеуметтік осал топтарын барлық үйлерге орналастыру жоспарлануда.
Негізгі мақсат: оқыс оқиғалардың алдын алу... Сонымен қатар қыс мезгілі келе жатқандығын алға тартқан төтеншеліктер, қатты қалыңдықта қатпаған су айдындарының адам өмірі үшін кез-келген сәтте қауіпті екендігін айтып, тұрғындарға ескерту жасады...
Алдияр Рысбаев, Ұлытау облысыныңТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімі бастығының м.а.
Қоғамдық орындарда, мұзда балық аулау кезінде сақтық ережелерін келтіре отырып, халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ бұл жұмыс бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қосымша жүргізілуде.
Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері 500-ге жуық рейдтік
іс-шаралар өткізілді, халық арасында 2 мыңнан астам үгіт матерниалдары (буклеттер, парақшалар) таратылды және мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 200-ден астам нұсқама өткізілді, «мұздағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша 106 адамды қамтитын 3 акция өткізілді.
Айта кетейік, Мұз айдындарының қалыңдығы адамдар үшін 10 смден жоғары деңгейде қатқанда ғана қауіпсіз болып саналады. Оның өзінде қауіпсіздік талаптары сақталу қажет. Төтеншеліктер ескертеді, ескертуді ескеру – сіз бен біздің жеке жауапкершілігімізге байланысты.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |