ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Аппараттық жиын

Бөлісу:

Кезекті аппарат жиналысы өңірдегі кадрлық өзгерісті таныстырудан басталды. Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болып Жәнібек Нөпіров тағайындалды. Осы тағайындауға дейін Қаржы министрлігінде мемлекеттік органдардың бюджет департаменті директоры қызметін атқарған ол облыс әкімдігінде экономика, қаржы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп саласы мәселелеріне жетекшілік етеді.

 «Елді мекендерде байланыс сапасын жақсарту» - күн тәртібіндегі алғашқы сұрақ болды. Салаға жауапты басқарма басшылығы аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында ақпарат берді.

Сапалы байланыс желілелір облыс шекарасындағы республикалық маңызы бар жолдардың бойына да қойылмақ. Берік Әбдіғалиұлы 2027 жылға дейін Ұлытау облысындағы барлық елді мекен интернет желісіне толықтай қосылу керектігін айтты.

Ал, «Су қоймаларындағы қауіпсіздік» мәселесі бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы баян етті. Өкінішке қарай, 2024 жылғы суға шомылу маусымы басталғалы соңы қайғылы оқиғамен аяқталған жағдай тіркелген. Қазіргі таңда өзен жағасындағы қауіпсіздік шаралары қатаң бақылауда. Тұрғындар қарапайым ережелерді қатаң ұстанса дейді төтеншеліктер.

«Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге – шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес шаралары да белгіленген жоспарға сай жүргізілуде. Қазіргі таңда республика аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарына аса қауіпті зиянкестерінің 12 түрі, 2 өсімдік аурулары және зиянды организмдердің 5 түрі тіркелген. Зиянды органзимдермен күрес жалғасуда деді Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы

Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты