ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді

Бөлісу:

Өңірде 1 маусым күні суға шомылу маусымы басталды. Суға шомылу маусымы ашылғалы төтеншеліктерге тыным жоқ. Өкінішке қарай, ресми статистика мәз емес... республика бойынша  40 адам суға кеткен.Оның 25-і бала. Ал біздің облыста күні кеше 4 жасар бала суға батып кетті. 

Еркін ЖАНАБАЕВ Ұлытау облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс бөілімінің бастығы 

Тыйым салынған орындарда полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Оның барысында су ережелері қағидаларын бұзушылықтары байқалған жағдайда оларға әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 412 – бабымен хаттама толтырылады. 

Жалпы, облыс аумағында  суға түсу кезінде рұқсат етілген арнайы 5 орын белгіленген. Ал 40 тан астам орында суға түсуге рұқсат жоқ.Дегенмен, рейд барысында тұрғындар суға түсуге рұқсат етілген орындарда демалуға қалтамыз көтермейді. Сондықтан тыйым салынған жерлерге түсетіндерін айтты. Су да тілсіз жаудың қатарында екенін ұмытпаған жөн. Сақ болмасаңыз, қапыда кетуіңіз бек мүмкін

Еркін ЖАНАБАЕВ Ұлытау облыстық ТЖД азаматтық қорғаныс бөілімінің бастығы 

Жалпы рұқсат етілген орындарға ғана суға түсуге болады.  Бұл жерде мысалы шектеу белдеулері тұрады 2  метр тереңдікке дейін. Балаларға арналған жүзу орындары болады. 

Облыс су қоймаларына жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша облыс су қоймаларында шомылуға және демалуға рұқсат етілген тағы 1 орынды қосу жоспарлануда. Бұдан басқа, облыс әкімі бекіткен Ұлытау облысында коммуналдық жағажай құру жоспарына сәйкес коммуналдық жағажай салу жоспарланған. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты