Бұл жолғы - Тазалық шарасына Ұлытау облысы бойынша 2 мыңға тарта адам мен 57 арнайы техника жұмылдырылды. . Барлығы 70 тоннадан астам қоқыс шығарылды.Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударту. Экологиялық іс-шараларға қатысушылар арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер және қарапайым тұрғындар бар.
Облыс бойынша барлығы 483 аула, 24 саябақ пен сквер, 61 тарихи-мәдени ескерткіш аумағы тазартылып, 138 әлеуметтік нысан аумағы қамтылған.
Сәуір басталғалы – аймақта таза бейсенбілік, сенбілік жұмыстары үздіксіз ұйымдастырылып келеді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы табиғат жанашырларының қатары апта сайын толығуда.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы