Жезқазаған университеті білім, ғылым, өнер саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осы білім ұясының қабырғасынан түлеп ұшқан түлектер қазір сан-салада жемісті еңбек етіп жүр. Ал,биыл оқу ордасынан 8 магистр мен 410 бакалавр түлеп ұшты.
Қазір де университеттің ұстаздары мықты.Теориялық білім мен ғылым һәм өндіріс бір арнаға тоғысып, жүйеленген. Білім ордасында 4 ғылым докторы, 8 атақты профессор,34 ғылым кандидаты және 25 доцент қызмет атқарады. Биыл университеттің 5 түлегі қызыл дипломға қол жеткізді. Бозбала-бойжеткендер бүгінде есейді, енді алған ілім-білімдерін егемен елдің игілігіне жұмсайды.
Назира АЙМАҒАМБЕТОВА ЖезУ түлегі
Мен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығын аяқтап жатырмын,бакалавр. Магистратураға осы мамандықты жалғастыру ойды бар. Дайындық үтсіндемін. Дипломымызды алып, үлкен маман болуға дайындалып жатырмын. Ұстаздарымызға,университетіміздің басшылығына,барлық ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін.Білімімізді әрі қарай дамытып, Қазақстанның дамуына үлес қосуға тырысамыз.
Таланты мен талай додада оқ бойы оза шауып көзге түскен түлектерге облыс әкімінің алғыс хаты және де «Үздік түлек», «Дарынды түлек», «Белсенді студент» секілді арнайы номинациялар табысталды. Ресми табыстау сәтінен кейін, іс-шараның соңы мерекелік концертке ұласты.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ