Данияр Мұханбетов - Ұлытау ауданының ТЖБ бастығы. Жас та болса бас бола білген азамат – жан жағына еткен еңбегімен сыйлы.
Жасыратыны жоқ, кейінгі жылдары жастар жаппай жеңіл-желпі кәсіптің жолын таңдағысы келеді. Ал, біздің кейіпкер: қандай да болсын жұмыстан қашпау керек, еңбек – ер атандырады деген ұстанымда.
Данияр басқаратын Ұлытау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі – өңірдегі озат ұжымдар қатарында. Биылғы су тасқыны кезінде 24 сағат сапта болып, демалыссыз қызмет атқарды. Қазір де жұмыстарына тыным жоқ. Ең бастысы – елдің амандығы дейді Данияр Мұханбетов.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы