Мобильді топөкілдерінің кезекті іс шарасы – қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығында өтті. Аталған орын шаһар тұрғындары көп жиналатын жер деп әдейі таңдалған. Топ құрамындағы түрлі сала мамандары –келушілер тарапынан қойылған халықты жұмыспен қамту, көше жолдары, коммуналдық шаруашылық сынды бірқатар сауалдарға жауап берді.
Дина СМАҒҰЛОВА, қала тұрғыны
Мұндай шара бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Ұлытау, Жаңаарқа аудандары мен Қаражал, Сәтбаев қалаларында да өткен.
Жаслан ХАМИТОВ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Айта кетейік, бұл күні мобильді топ өкілдеріне 20 ға жуық тұрғын өз мәселелері бойынша жүгінді.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау»