Мемлекет басшысының 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы – саладағы сан түрлі мәселеге оң серпінін бермек. «Атамекен» ұсынған алаңда – еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды даярлайтын кәсіптік білім беру ұйымдары мен оларға жұмыс беруші компания өкілдері бір үстелдің басына жиналды. Өңірде кадр тапшылығы проблемасы әлі де өткір екендігін аймақ басшысының орынбасары да тілге тиек етті...
Зина АҚЫЛБЕКОВА, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
Мәселен, біздің облыста 15 техникалық және кәсіптік білім ордасы бар екен... Аталған колледждерде 7000 ға жуық студент ілім теруде. Өткен 2023 жылы оқуыған аяқтаған 1703 түлектің – 1411 і, яғни 83 пайызы алған дипломына сай жұмысқа орналасқан. Десек те, жұмысшы мамандар іздеп жүрген кәсіпорындар жетерлік...
Асылбек МҰХАНБЕТЖАНОВ, «Қазавтожол» ҰК Ұлытау облысы бойынша филиалының директоры
-(Алдағы жылы Жезқазған-Қызылода тас жолын жөндеу жұмыстары басталады деп күтілуде. Мердігер компаниялар да анықталды. Ондағы жұмыстарға кемі 100 жұмысшы маман қажет. Олардың жергілікті жерден алынуын бірінші кезекте қадағалаймыз. Алайда, жұмысшы мамандар тапшылығы қазірден сезілуде.)
Жиын барысында колледж басшылары мен компаниялар арасында студенттерді іс тәжірибеден өткізу бойынша да бірқатар ұсыныстар айтылды.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майокивч, «Ұлытау»