ҚАРАЖАЛ

ҚАРАЖАЛДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Бөлісу:

Қылыш су қоймасы. Қаражалдағы жалғыз су қойма. Биыл онда су деңгейі көтерілген. Ұлытау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Есен Байыров су қоймасының қазіргі жағдайын баяндады. Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын айтты. Аталған су қойма қазір жекенің меншігінде. Сол себепті де мемлекет меншігіне алу қажеттілігі тұр. Облыс әкімі аумаққа апаратын жолды жөндеуден өткізу мәселесін де қарастыру қажет деді. Одан әрі аймақ басшысы Қаражал мен Атасу арасындағы облыстық дәрежедегі жолдың 28 шақырымына жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын көрді.Жолмен қатар мұнда көпірді де жаңартып жатыр. Оны «Арқақұрылыс2009» ЖШС жүргізуде.  

 28 шақырым жолдың енді жөндейтін 5 шақырымы қалған. Дастан Рыспеков биылға қарастырылған қаражатты толық әрі сапалы игеруді тапсырды. Жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. 

 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты