Аяу қойғанның қазақшасы бар екен
Жасөспірімдер арасында есірткі заттарының таралуы әлі күнге дейін өзекті. Бұл мәселені шешу үшін кешенді шаралар қажет. Қазіргі таңда оның алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары түрлі профилақтикалық жұмыстарды ұйымдастырып келеді. Мәселен, жақында ғана 500 адам қамтылған есірткіге қарсы акция өтті. Оның барысында есірткінің зияны және салдары туралы ақпарат берілді.
Жасұлан ЕЛАМАНОВ Ұлытау облысының прокуроры
Есірткі заттарын тарату,қолдану, сақтау және насихаттау аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Жыл басынан бері өңірде 33 есірткі қылмысы анықталып, 27 қылымыстық іс қозғалған. 90-нан астам профилактикалық жұмыстар жүргізілген.
Ертуған БЕГАЛИЕВ Ұлытау облысы прокуратурасының аға прокуроры
Есірткі қылмысының бір бөлігін жастар жасаған. Жастарды жаңсақ басудан абай болуға шақыра отырып, арты орны толмас өкінішке ұрындыратын әрекеттерден сақтау өте маңызды.Сондықтан да арнайы дайындалған бейнероликтер оқушыларға көрсетілді.
Ділназ МҰРАТБЕКҚЫЗЫ №21 ЖББМ оқушысы
Іс-шара соңында есірткіге қарсы бейнебайқауға қатысқан 25 жұмыстың ішінен 3 үздік туынды анықталды. Байқаудың көздегені жастар араасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткіден бас тартуға шақыру.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ