Статистикаға сүйенсек, Ұлытау облысында АИТВ індетін жұқтырған 165 жағдай тіркелген. Жезқазған қаласының өзінде ғана 116, Сәтбаев қаласында 32, ал Қаражалда 8, Ұлытау ауданында 1, Жаңаарқа ауданында 8 жағдай анықталып отыр. Адамның иммун тапшылығының вирусы – бұл СПИД-тың бастапқы түрі болып есептеледі. Оны одан бетер асқындырып алмау аса маңызды. Мамандар иммун тапшылығы вирусы жайлы жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы дайындалған ақпараттармен бөлісуді мақсат етіп отыр.
Гүлнұр БЕСПАЕВА Облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі ортылығының психологы
Бұл кеселге тап болғандар, өздерінің ЖИТС пен ауырғандығын бірден сезе алмайды. Ал, білген кезде – тым кеш болуы мүмкін. Ең дұрысы, қауіпсіздік және сақтық шараларын бірінші орынға қою. Айта кетейік,орталыққа барып тексерілу қызметі тегін және жасырын өтеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ