Зухраб ДАУМБАЕВ Жезқазған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
90 спортшы 11 салмақ дәрежесі бойынша сынасты. Осылайша олар чемпион атағын сарапқа салды. Бозкілемдегі белдесулердің барлығы дерлік тартысты өтті. Қарсыласытарын алып та, шалып та жыққан шын шеберлер жеңіс тұғырына көтерілді.
Нұрлыбек НҰРАЛИЕВ 41 келі салмақта турнир жеңімпазы (Маңғыстау облысы)
Ілияс БАЙСАМЕТ 68 келі салмақта турнир жеңімпазы (Жезқазған қаласы)
Турнир қорытындысында жаңа жеңімпаздардың есімдері аталды. Жеңімпаздар мен қатысушылары арнайы сыйлықтармен марапатталды. Айта кету керек, Ұлытау облысында бұл спорт түрі қарқынды дамып келеді. Оған бүгінгі жарыс дәлел.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ