Кездесуге қала әкімімен бірге әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.Әдеттегідей әкім ұзын сонар баяндаманың орнына бірден қала тұрғындарының көкейкесті мәселелеріне құлақ түрді. Тұрғындар қала көшелері мен ауалішілік жолдарға тасжолдың төселіп аяқталмауына қатысты мәселені қаузады. Жылу мен жарық мәселесін де көтерді. Ағаштарды күтіп баптау тағы бар. Балалар ойын алаңдарының салынуы, бағдаршамдардың жиі істен шығуы, аялдамаларды орнатуға байланысты сұрақтар қойылды.
Көтерілген мәселелерді бақылауға аламын деді кездесу соңында қала әкімі.Одан бөлек, сол жерде бөлім басшыларына тапсырма беріп, шешуді тапсырды. Кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселері бойынша қабылдады. Қабылдауға 3 адам келді. Халықты мазалаған мәселелер бақылауға алынып, шешу жолдары қаралады, - деді мамандар.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ