Бәсеке 2007 мен 2010 жылдары аралығында туған қыздар арасында өтті. Жарысқа елімізідң 20 өңірінен 297 спортшы қатысты. Жас былғары қолғап шеберлері 14 түрлі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Бес күн бойы өткен турнирде 90-нан астам жекпе-жек болды. Былғары қолғап шеберлеріне халықаралық дәрежедегі және бірінші санаттағы төрешілер баға берді.
Жұмабек ӨМІРЗАҚОВ бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Бірі жеңіске жетсе, бірі жеңілістің ащы сәттерін бастан өткерді. Әр аймақтан келген жас шеберлер өздерінің табандылықтарын көрсетті. Осылайша сол жерде әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды.
Лашын ДАУЛЕТЖАН 48 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз (Алматы облысы)
Фариза ТӘЖІБАЕВА 80 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз (Қостанай облысы)
Бұл жарыс іріктеу ретінде саналып, жеңімпаздары республикалық құрамада өнер көрсетіп, Азия және Әлем чемпионатына жолдама алды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ