Қоғамдық жұмыстар- бұл сотталған азаматтардың ақысыз қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауын көздейтін жаза түрі. Мұндай жұмыстар жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұйымдастырылады. Ұлытау облысының прокуратурасы 2024 жылғы жазаның осы түрінінің орындалуын талдады. Биыл пробация қызметінде 14 үкім болған, АЛ 2023 жылы 8 адамға қоғамдық жұмыстар тағайындалған.
Шыңғыс НҰРДАУЛЕТОВ Ұлытау облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау тобының басшысы
Биыл қоғамдық жұмыстарға тартылған 14 адамның 10-ы белгіленген сағаттарын бұзбай орындаған. Қазір сотталған 4 адам жұмыстарын жалғастыруда. Алайда, жаза шарттарын орындамаған бір адамның қоғамдық жұмысы қамауға алу жазасымен алмастырылды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ