Аталған шара Сатпаев қаласы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы аясында «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің бастамасымен өтті. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, этикалық нормаларды күшейту сынды өзекті тақырыптар қозғалды.
Жаслан ХАМИТОВ Департамент бастығының бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 шы жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерінің бірінші міндеті сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптыстыр.
Семинарға 60-қа тарта мемлекеттік қызметкер жиналды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының тренері, заң ғылымдарының магистрі, Евней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы Руслан Тоқатов арнайы келіп семинар өткізді.
Руслан ТОҚАТОВ ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлытау облысы бойынша филиалының тренері
Мен өзім Қарағанды қаласынан келіп отырмын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы антикор ұйымының төңіргінде арнайы пул құрылған болатын. Бұл пулдың басты мақсаты- сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жүргізу. Яғни негізгі басты жұмысымыз халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды түсіндіру, заңнама бойынша ақпарат беру және бұл қылмысқа қарсы тұратын адами тұрғыдағы ақпараттарды ұсыну біздің ең басты осы жердегі жүргізіп жатқан шарамыз болып табылады.
Айта кетейік, жүргізілген шараның іс-қимыл жоспары сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту сынды тұжырымдама ережелерін іске асыруға бағытталған.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ