Дәстүрлі спартакида осымен 5-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. «Қазақмыс» корпорациясына қарасты өндіріс ошақтарынан 28 команда қатысқан турнирдің бүгін ақтық кезеңі.
Азамат ОРАЗАЛЫ «Jastar Bolashaq» жастар одағы төрағасының орынбасары
Әр команда өз деңгейінде ойындар көрсете білді. Бүгін ақтық сын,финалдық ойындар. Барлық командаларға сәттілік. Біздің мақсатымыз-еңбеккерлердің бос уақытын тиімді пайдалану.
Түрлі турнирлерде жолы түйісіп жүрген ойыншылар бір-бірінің осал тұстарын жақсы біледі. Сондықтан командалар жіті дайындықпен келген. Аяқдопшылар әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Турнир нәтижесінде 3 орынға Батыс Жезқазған кенішінің командасы тұрақтады. Ал ақтық айқас – кубок үшін күресте Жезқазған байыту фабрикасының жігіттері «Транко Жез»командасын тізе бүктірді. Осылайша «Транко Жез» 2 орын иеленсе, Жарыста Жезқазған байыту фабрикасының футболшылары жеңімпаз атанды.
Нұрасыл АБДРАШИТОВ Жезқазған байыту фабрикасы 1,2,3 командасының ойыншысы
Жастар болашақ,Кәсіпқорған одағына мың алғыс.Өте жақсы ойын болды. Финалда Транконы ұттық. Қолдаушыларға рақмет.
Айта кетейік, сонымен қатар турнирде ерекше ойын өрнегін көрсеткен жекелей спортшылар да назардан тыс қалмады. Дәстүрлі спартакиада келесі жылы жалғасын табады және жүлде қоры да ұлғаймақ.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ