Бұл – Жеңіс көшесі 7 ші үй. Екі қабатты, 8 пәтерлі үй тұрғындарының негізгі шағымы: жер төледегі вентиль жүйелері жөнінде. Жылу беру маусымы басталғалы вентиль крандарынан үнемі су тамшылап тұрады. Салдарынан, дымқыл ауа сыртқа жайылған, жағымсыз иіс қолқаны қабад...
Мәселеге тереңірек үңілсек: бұл үйлерге не пәтер иелері кооперативі қызмет көрсетпейді, не мүлік иелері бірлестігі құрылмаған. Иесіз деп танылған үй тұрғындарына қалалық жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорнының өкілдері көмек көрсетуде.
Тұрғындар шағымы – телеарнамыздың назарында болмақ. Айта кетейік, Кеншілер шаһарында Сәтбаев 600 ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 88 осы сынды қызмет көрсетілмейтін иесіз үйлер.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау»