Фариза Жеңісқызы – декреттегі ана. Бірақ бала күтімімен үйдемін деп қарап отырған жоқ. Жәйрем кентінде алғашқы қанатқақты жобаны іске асырып, балаларға қамқорлық көрсетіп келеді. Жас кәсіпкердің бастамасына себеп болған кішкентай ұлының жағдайы екен.Алдымен жас ана массаж курсына барады, кейін облыс әкімінің грантына қатысып жоба қорғайды.
Фариза ЖЕҢІСҚЫЗЫ жас кәсіпкер
Кейін Ұлытау облысының 5млн-дық грантына қатысып,оны ұтып, қазіргі таңда үлкен орталық болып ашылдық. Бөбегім гидромассаж орталығы болып осы жақында ашылған болатынбыз. Қазіргі таңда біз 1 күнде 10 баланы қабылдаймыз. Әркімге беріле бермейтін мүмкіндік деп ойлаймын.Сол себепті осы мүмкіндікті пайдалнғаннан кейін Жәйрем кентінің балаларына өте тиімді.Мысалы олар қалаға барып әуреленбейді,осы жақтан ем қабылдай алады.
Бөбегім массаж орталығының иесі әрі маманы Фариза Жеңісқызының айтуынша арнайы массаж баланың жасына және дамуына байланысты жүргізіледі.
Фариза ЖЕҢІСҚЫЗЫ жас кәсіпкер
Балаларға арнайы субұрқақтар арқылы массаж жасаймыз. Сонымен қатар арнайы массаж,электрофарез, балаларға керекті ортопедиялық төсеніштер фитболдар барлық жағдай жасалған. Оның барлығы кішкентай балалардың диагноздарын алдын алу үшін және емдік массаж түрінде жасаймыз.
Мәселен бұл гидромассажды ванна. Субұрқақтары арқылы баланың денесіне массаж жасалады.Оны профилактикалық және емдік түрде алуға болады. Дүние есігін ашқан бүлдіршіндерде кездесетін яғни дененің қатты болуы,ауа жетпей қалу кезінде пайдаланады.
Иә, бүгінгі заманауи әйел бейнесі – іскер, кәсіпкер сынды қызметтермен толыққан. Олар бала тәрбиелеп қана қоймай, кәсіп ашып, оны дамытуға қабілетті. Жалпы, бизнес бастаймын деген адамға мемлекеттен қолдау көп. Әсіресе, аналар үшін арнайы жеңілдетілген несиелер, гранттар қарастырылған.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ