Жыл басынан бері ауданда 14 отбасы баспанамен қамтылды. Мереке қарсаңында тағы 18 отбасыға пәтер кілтін аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы табыстады.
Облыс әкімі жұртшылықпен тағы бір жағымды жаңалықпен бөлісті. Ол «Жаңа нұр» шағын ауданында «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын мектептің құрылысы.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі
Биыл жайлы мектеп бағдарламасы аясында 600 орындық мектептің құрылысы басталады. Жолды кеспей үйдің жанына балалар мектепке баратын болады. Оған 3 млрд-қа жуық қаражат бөліп отырмыз.Биыл оны самұрық қазына компаниясы бастайды,ендігі жылы аяқтау жоспарда тұр.
Бұл жаңалықты естіген халық, зор қуанышпен қабылдады. Көпбалалы отбасында дүниеге келген Ақназ үшін бүгін ерекше күн. Себебі, 3 бөлмелі пәтерді көріп, енді өзімнің жеке сабақ оқитын орным болады деп қуанды.
Ақназ Қайрат Жаңаарқа ауданының тұрғыны
Қуаныштымын, енді өзімнің бөлмем болады, сабақ оқитын столым болады.
Саламат МЫРЗАКЕЙ Жаңаарқа ауданының тұрғыны
Рақмет сіздерге үлкен,осындай бақытқа кенеліп отырмыз. Осы үйімізді Алла тағала тыныштыққа ұялатсын.
Баспаналы болғандардың қатарында жалғызбасты ана Гүлмира Мизембаева да бар. Балаларын өзі әупірімдеп жеткізіп келе жатқан ол пәтер кезегінде 2015 жылдан бері тұр. Бүгін міне 3 бөлелі пәтердің иесі атанды.
Гүлмира МИЗЕМБАЕВА Жаңаарқа аудынының тұрғыны
Пәтер жалдап тұрдым, көпбалалы анамын. Қайта-қайта квартира жалдап күн кештік. Осы жақсы ғой, баспаналы болғанға не жетсін.
Көпқабатты тұрғын үйдіің құрылысын «АстанаПремиумСтрой»ЖШС жүргізді. Үйдің құрылысына 247 млн 700мың теңге қаражат жұмсалған. Сондай-ақ аудан орталығы-Атасу кентінде 192 пәтерлі көпқабатты 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ