Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алмаз Әбдіғожин ашып жүргізіп отырды. Қараусыз қалған ірі қара малдар Жезқазған-Қарағанды тас жолының бойында өріп жүретіні жасырын емес.. Бақташы да, басқасы да бұл мәселеге жүрдім-бардым қарайды. Алайда, сол малдардың кесірінен апатты жағдайлар орын алып жатыр емес пе? Жиында Ұлытау облыстық ПД рота патрульдік полициясының командирі Дархан Алюбаев ірі қара малы бар тұрғындарға жарық шағылыстырғыш ленталар тағу керектігін айтты. Себебі, көлік жүргізушінің дер кезінде жол апатынан сақтануына малға тағылған жарық шағылыстырғыштың көмегі көп.
Дархан АЛЮБАЕВ Ұлытау облыстық ПД рота патрульдік полициясының командирі
Жергілікті жүргізушілер біледі,түнде мал шығатынын.Ал басқа өңірден келгендер біле қоймайды. 2022жылдан бастап біз хат жолдап келе жатырмыз, осы лентаны тақсын деген, соның өзінде 2-ақ окургте 6 шарушалық қана тақты, и то 20 малға ғана.
Қазір жол бойындағы шаруа қожалықтары бар жерге «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Ұлытау облысы бойынша филиалы және «ҚАЖсервис» Ұлытау обылсының филиалы 15шақырым қоршау қоятын болды.
Асхат ШАХАЕВ «ҚАЖсервис»Ұлытау облысы филиалының директоры
Тағы да көп шаруа қожалықтары шоғырланған жерлерде мал макеттерін қоюды жоспарлап отырмыз 8 дана, тағы да басқа өз ұсыныстарымызды атап өттік.
Айта кетейік, жиынның өтуіне «ҚАЖсервис»Ұлытау облысы филиалы негіз болды. Себебі, Қамбар атаның тұқымын өсіріп отырғандар жауапкершіліктің бар екенін ескерсе дейді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ;СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |