ЖАҢААРҚА АУДАНЫ

Бидайық су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Бөлісу:

Бидайық су қоймасы- 1960 жылы салынған. Сол салынғаннан ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Аталған су қойманың маңында орналасқан Бидайық ауылында 1428 тұрғын тұрады. Көктемгі су тасқыны кезінде тұрғындар баспанасыз қалуы әбден мүмкін. Су деңгейі көтерілгенде Қызылорда-Павлодар республикалық маңызы бар жолды су шайып кетеді екен. 2017-2018 жылдары су шайып кету оқиғасы да тіркелген.  2023 жылы су қоймасының гидротехникалық құрылыстары тозғандықтан күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 


Төрехан ЖАХМЕТОВ Ұлытау су қоймалары кәсіпорнының басшысы 

2023 жылы бұл су қоймасына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Бұл қаржыны республикадан сұрау үшін бюджеттік өтінім де жасалған. 


Жоба құны 3 млрд 606 млн теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, Қарағаш ауылы Қараағаш орманшылығының Тереңбұтақ өзеніне 4 шақырым ұзындығына санация жасап, түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасы жасалып, сараптамадан өткізіулде 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


 

Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты